Ақтөбеде жол талғамайтын көлік аударылды: жүргізуші қаза тапты

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser жолдан шығып кетіп, аударылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser жолдан шығып кетіп, аударылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 13 тамызда сағат 17.20-да Покровка-Жаңажол тасжолында болды. 

Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ кентіне қарай бағыт алған Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Темір қаласының маңындағы Покровка-Жаңажол жергілікті маңызы бар автожолының 21-шақырымында көлігін басқара алмай, оң жаққа аударылғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Апат салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жолда жүру ережесін бұзу" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама