11 қыркүйек 2024 | 10:34

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті

видео кадры

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті. Алған жарақатынан қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті. Алған жарақатынан қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 10 тамызда "Оңтүстік айналма жолда" болған. Күдікті қамауға алынды.

"Газель" автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі адам - ана мен баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жасар қыз қайтыс болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Жүргізуші УҰИ-ға қамалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, олар қызды облыстық балалар ауруханасына жеткізіп үлгерген, бірақ ауруханаға түскеннен кейін жарты сағат өткен соң бала қайтыс болған. Қазір дәрігерлер 32 жастағы ананың өмірі үшін күресіп жатыр.

"1992 жылы туған ана көпсалалы облыстық аурухананың реанимациясында. Көптеген жарақат алған, жағдайы ауыр", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная