17 шілде 2021 09:40

Ақтөбеде жүргізуші 7 жасар баланы қағып кетті

Ақтөбеде жүргізуші жеті жасар баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жүргізуші жеті жасар баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 15 шілдеде сағат шамамен 16:00-де Ақтөбе қаласы Иманов көшесінде болған.

LADA Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілдері жүргізушілерді тұрғын үй және аула аумақтарында қозғалыс кезінде мұқият болуды ескертті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram