27 желтоқсан 2023 10:16

Ақтөбеде көлік инспекциясы қызметкерін екі жүк көлігі қағып кеткен

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ақтөбеде қызметтік міндетін атқару кезінде көлік инспекторын көлік қағып өлтірді. Ер адамды бірден екі жүк көлігі қағып кеткен, бірінші көлік соққан сәтте ол қарсы жолаққа ұшып кеткен, сол жерде ер адамды қарсы өтіп бара жатқан екінші жүк көлігі қаққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға туралы ақпарат желіде пайда болды.

Реклама
Реклама

Тілшіге Ақтөбе облысының Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Ақтөбе-Орынбор тасжолында болған.

"Ақтөбе-Орынбор тасжолында Өзбекстан Республикасынан келген көлік жүргізуші көлік инспекторын қағып кетті, соққыдан ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, бақылау-өткізу бекетінде тоқтаған басқа жүк көлігі астына түскен", - деп хабарлады жол полициясы.

Полицейлер мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі қазір Мәртөк ауданында, кетпеу туралы қолхатпен босталған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram