12 маусым 2021 | 14:46

Ақтөбеде көлік капотында отырған жасөспірімдердің видеосы жарияланды

Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде жасөспірім жүріп бара жатқан автомобиль капотынан құлап, ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жасөспірім жүріп бара жатқан автомобиль капотынан құлап, ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 маусымда бірнеше жасөспірім бау-бақша ұжымындағы үйдің ауласында тұрған "ВАЗ-21083" автокөлігін иесінен сұрамай өзенге айдап кеткен. Қайтар жолда екі бала автокөлік капотына отырып видео түсірген. 

Кетіп бара жатқанда кәмелетке толмаған балалардың бірі капоттан құлап түседі, салдарынан жарақат алып, Ақтөбенің ҰҚШҰ-на жеткізіледі.

Реклама
Реклама

ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов жолда кәмелетке толмағандар ұшыраған барлық жазатайым оқиғаның негізгі себебі - жол қозғалысы ережелерін сақтамау және көлік жүргізушілерінің де, балалардың да мәдениетінің төмен болуынан екенін айтты.

"Кез келген ата-ана баласы апатқа кездейсоқ түседі деп ойлайды, сосын өзінен басқаның бәрін кінәлайды. Құрметті ата-аналар, баланың тізгінге отырғанына сіз ғана кінәлі боласыз, өйткені сіз оған толық жауаптысыз", - деп түсіндірді Арыстанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная