22 ақпан 2018 15:50

Ақтөбеде медбике емханада науқасты ұрып жіберді: Тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ақтөбедегі емханада медбике науқасты ұрып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбедегі емханада медбике науқасты ұрып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

желіде медициналық қызметкердің науқаспен дөрекі сөйлескен сәтінде түсірілген видео пайда болды. Науқас, болып жатқан жағдайды видеоға түсіргені медбикенің ашуына тиген секілді. Ол құжаттар салынған папкамен ұра бастаған, сонымен қатар бейәдеп сөздер айтқан. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға қалалық № 2 емханада болған. 

"Жағдайды теріс қылық деп бағалаймын. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қажетті шаралар қолданылады", - деді ведомство басшысы Әсет Қалиев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети