25 қаңтар 2022 | 14:19

Ақтөбеде медуниверситет жатақханасынан өрт шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде Пацаев көшесіндегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде Пацаев көшесіндегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 25 қаңтарда таңертең жатақхананың 3-қабатындағы бөлмеде тоңазытқыш жанған. Жалын бүкіл бөлмеге, ал қалың, улы түтін дәліздер мен басқа бөлмелерге тараған.

Өртті ауыздықтауға 40-тан аса өртсөндіруші және 11 арнайы көлік жұмылдырылған. 

Реклама
Реклама

"Бұл жатақханада 285 адам тұрады, олар Үндістаннан келген студенттер. Бұл уақытта 95 студент оқуда, қалғандары ғимаратта болды. 16 шаршы метр бөлме толық жанып кетті, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Қатты түтін жұмыс істеуге кедергі келтірді. Қызметкерлер жедел жұмыс істеді. Нәтижесінде, 131 адам эвакуацияланды, 39 адам құтқарылды, өрт ауыздықталды", - деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің бастығы Арман Қадыров.

Қазір жатақханадан студенттерді басқа ғимаратқа уақытша орналастыру мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная