Ақтөбеде пауэрбанк бір отбасыны баспанасынан айырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтөбеде пауэрбанк бір отбасыны баспанасынан айырды видео кадры

Ақтөбеде қарапайым пауэрбанк бір отбасының қайғысына себеп болды. Портативті қуаттағыш жарылып, салдарынан олар бір сәтте баспанасынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ақтөбеде қарапайым пауэрбанк бір отбасының қайғысына себеп болды. Портативті қуаттағыш жарылып, салдарынан олар бір сәтте баспанасынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қазір Тимур Майрумбаевтың үйінен тек өртенген қабырғалар ғана қалған. Іші күлге айналған, есіктері сынған, күйік иісі мүңкіп тұр. 28 ақпанда шыққан өрт отбасының жалғыз баспанасын күлге айналдырған. Тимур бұл үйде екі ұлы және әкесімен бірге тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке пауэрбанктің жарылуы себеп болған.

Туыстарының айтуынша, құрылғы балалар бөлмесінде қуатта тұрғанда қатты дыбыс шығып, артынша жалын тұтанған. Өрт лезде жиһазға тарап, үй ішін түтін басқан. Тимурдың әкесі өртсөндірушілердің бірнеше минут ішінде келгенін айтты, бірақ үйді құтқару мүмкін болмаған.

Реклама
Реклама

"28 ақпанда Ақтөбедегі "Арман" тұрғын үй алабындағы бір қабатты жеке үйдің шатырында өрт шықты. Өрт сағат 20:02-де ауыздықталып, сағат 20:23-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құжаттар ғана аман қалған. Оқиғадан кейін отбасы уақытша туыстарының үйіне көшкен. Енді олар жаңа баспана іздеп жатыр. Ал алты жыл бойы өз қолымен салынған үйді қайтадан тұрғызуға тура келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама