Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан танысына оқ атқан

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атты. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атты. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан.

"Нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы ("Салғырттық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді, ал тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханада ем алып жатыр.

"Науқас 25 наурызда оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама