10 маусым 2022 | 14:29

Ақтөбеде полицей өртеніп жатқан көлікті қауіпсіз жерге айдап апарған: оқиғаның видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбелік полицей автотұрақта жанып жатқан көлікке мініп, жалын басқа көліктерге өтіп кетпеуі үшін оны қауіпсіз жерге шығарған. Қызметкердің жетонына түсіп қалған видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметіше, патрульдер 10 маусымда орталық стадион маңындағы көлік тұрағында өрт шыққанын байқаған.

"Ford жол талғамайтын көлігі өртенді, қатарында Renault тұрды. Патруль Сабыржан Қуандық планшет арқылы көліктің иесін тапты. Үй иесінен көліктің кілтін алған қызметкер жанып жатқан көлікке отырып (алдыңғы дөңгелегі мен қапталы өртенді), оны қауіпсіз жерге апарды", - деді облыстық ПД өкілдері.

Реклама
Реклама

Кейін оқиға орнына келген өртсөндірушілер өртті сөндірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram