04 желтоқсан 2019 | 09:13

Ақтөбеде Тәжікстаннан келе жатқан автобус аударылды

КТК телеарнасының сюжетінен

Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен шетелдіктер мінген шағын автобус аударылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен шетелдіктер мінген шағын автобус аударылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Абырой болғанда, Ресейге бара жатқан тәжіктердің қол-аяғы сау, ешбірі жарақат алмапты.

Реклама
Реклама

"Бөгетсайдың тұсында Тәжікстаннан келе жатқан азаматтар жолдан шығып кеткен, ішінде 10 шақты адам болған, бәрі аман. Жолдың бәрі қазір көктайғақ. Ол жөнінде ескерту соңғы үш күнде бәріне жеткізіліп жатыр", - Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы Құмар Тұрмағамбетов.

Тайғаққа байланысты бірнеше рет жолды жапқанымен, ескертуді елемейтіндер көп. Соңғы бір тәулікте көк мұзға тайғанап, 20-дан астам көлік жолда аударылған. Аймақта демалыс күндері жаңбыр аралас қар жауып, артынша аяз тұрған еді. Енді бірнеше ауданда көктайғақтан тұрғындар да үйден шығудан қалған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram