15 ақпан 2020 09:04

Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскер өлімінің мән-жайы анықталды

Сурет: КТК сюжетінен

Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды, - деп хабарлайды КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды, - деп хабарлайды КТК.

Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалды.

Реклама
Реклама

Ол осыдан төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа жуық адам жарақат алған.

Алты күнге созылған арнайы операция барысында оқиғаға қатысы бар делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысқан 29 адамның жетеуі сот үкімімен өмір бойына түрмеге қамалған болатын. Өзге айыпталушылар екі жылдан 22 жылға сотталып, "қылмысты жасырып қалған" бір адамның төрт жылға бостандығы шектелді.

Өмір бойы түрмеге қамалған жеті лаңкестің бірі былтыр туберкулезден қаза тапса, екіншісі – Асхат Иманғалиев Арқалықтағы түрмеде өзіне қол салды. Ол тірі кезінде берген сұхбатында азғырушыларының "тірідей қолға түскенше, өлген артық" деп үгіттегенін айтқан болатын. 

Дереккөз: КТК

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram