Ақтөбеде тұрғын эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақтөбе полициясының баспасөз қызметі

Ақтөбелік эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының полиция бөліміне 20 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің соңғы күні көпқабатты үйдің артында жүруге жарамсыз күйде тұрған "Мерседес Бенц Е-280" автокөлігі ұрланған.

"Полиция қызметкерлері көлікті автобөлшектер саудалайтын жерден тауып, оны мұнда эвакуатормен әкелген 32 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің эвакуатор жалдап, оның көмегімен автокөлікті осында әкеліп, 120 мың теңгеге тапсырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама