Ақтөбеде тұрғын үй маңынан екі әйел өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ІІМ

Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінің маңынан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінің маңынан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды. ҚР ҚК-ның 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама