18 маусым 2019 19:50

Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Сурет Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен

Ұялы телефон сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Ұрылар екі сағат ішінде ұсталып, олардан 43 дана IРhone маркалы телефондар тәркіленді, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұялы телефон сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Ұрылар екі сағат ішінде ұсталып, олардан 43 дана IРhone маркалы телефондар тәркіленді, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Бүгін сағат 9:20-да Ақтөбе қаласының Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан ұялы телефон дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адам медициналық бетперде киіп, біреуі пышақпен, екіншісі тапаншаға ұқсас қарумен дүкенге кіріп, дүкен қызметкерлерін қорқытып, ұялы телефондарды алып кеткен.

Реклама
Реклама

"Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жұмылдырылды. Алынған бағыттамаға сай жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жүрген жері анықталды. Екі сағат ішінде "Мәдениет" сауда үйі маңындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан "Датсун" маркалы авткөлігі тоқтатылды. Көлікте 20 және 22 жас шамасындағы екі жігіт болды. Автокөліктің жүк салғышынан 43 дана IРhone маркалы ұялы телефонды тәркіледі. Сонымен қатар газ тапаншасы мен пышақ табылды. Күдіктілер ұсталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ("Тонау") бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram