28 мамыр 2020 | 18:49

Ақтөбедегі зауытта төрт адам қаза тапты

Фото: pixabay.com

Ақтөбе хром қосындылары зауытының төрт жұмысшысы тазарту жұмысы кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе хром қосындылары зауытының төрт жұмысшысы тазарту жұмысы кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, трагедия "АХҚЗ" АҚ-ның № 4 цехында болған.

Реклама
Реклама

"Бүгін, 28 мамырда, АХҚЗ аумағында жұмысшылардың қаза тапқаны туралы хабар келді. Жұмысшылар таңертең 50 куб бакты тазартып жатқанда механизмге зақым келгенін байқап, оны жөндемек болған. Олардың бірі төмен қарай түскен, артынан тағы үшеуі барған. Өкінішке қарай, төрт адам да қаза тапты", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Одан бөлек, тағы екі жұмысшы ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram