ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2019 | 16:51
Ақтөбелік екі тұрғын жабайы жануарды көлікпен соғып, күрекпен ұрған
Ақтөбе облысының табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Whats App мессенджеріне мониторинг жүргізу барысында белгісіз біреулердің "Лада-21214" маркалы көлігімен жабайы жануарды қағып, күрекпен қатты соққыға жыққаны белгілі болды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Тексеріс нәтижесінде аталған видео биыл 16 желтоқсанында Алға ауданының аумағында түсірілгені анықталды. Аталған дерек бойынша, кінәсін мойындаған жергілікті екі тұрғын ұсталды. Олар Алға қаласынан шамамен 25 шақырым жерде жабайы жануарды қағып, нәтижесінде жол жиегіне қарай қашқан оны көлікпен қуып жетіп, күрекпен өлгенше ұра бастаған.
Аталған дерек бойынша заңсыз аң аулау және жануарларға қатыгез қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также