Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды

видеодан үзінді

13 наурызда кешкі уа?ытта ?л-Фараби да??ылыны? бойында Шашкин к?шесі мен Esentai Mall сауда орталы?ыны? ортасында бол?ан жант?ршігерлік жол апатыны? видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 наурызда кешкі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесі мен Esentai Mall сауда орталығының ортасында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Audi жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бар жылдамдықпен жолдың бойында тұрған Алматы қаласы жол-эксплуатациялау басқармасына тиесілі ЗиЛ-ға барып соғысқан.

Видеотіркеу құрылғысына түсірілген видео Instagram желісіндегі @kris_p_almaty паблигінде жарияланды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1993 жылғы әйел адам мен шамамен 2014 жылғы қыз бала қаза болды. Сонымен қатар, жолдағы жұмысшылардың бірі - 1973 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Кейінірек оның қайтыс болғаны туралы хабарланды. 

Реклама
Реклама

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама