12 ақпан 2021 | 11:59

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан қазақстандықтарды алдап жүр

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан қазақстандықтарды алдап жүр. Белгісіз біреулер Facebook-те Димаш Құдайбергеннің атынан парақша ашып, 10 мың доллардың ұтыс ойыны болатынын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан қазақстандықтарды алдап жүр. Белгісіз біреулер Facebook-те Димаш Құдайбергеннің атынан парақша ашып, 10 мың доллардың ұтыс ойыны болатынын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бәрі шынайы көрінуі үшін алаяқтар әншінің бұрынғы видеоларын тікелей эфир арқылы қосқан. 

"Мен бүгін баршаңызға бата беремін. Пікір жазған алғашқы мың адам 10 мың доллар алады. Мұның шын екеніне сеніңіз. Бұл сыйлық бұрын-соңды біздің сыйлықты жеңіп алмаған адамдарға арналған", - делінген жазбада. 

Реклама
Реклама

Димаш Құдайбергеннің кей оқырманы сеніп, мыңдаған пікір қалдырған. Жазбаға үш мыңнан аса адам пікір қалдырған.  

Айта кетейік, пікірлердің арасында ұйымдастырушылар қатысушыларды фишинг сайттарына кіруге шақыратын хабарламаны бекітіп қойған.

"Пікір қалдырғандар мен менің жазбамды бөліскендер: бірінші мына жерге өз атыңызы тіркеңіз (фишинг сайт сілтемесі), екінші - 30 минут күтіңіз, сосын біз сізге сыйлық жібереміз", - дейді "ұйымдастырушылар". 

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев Tengrinews.kz тілшісіне ұтыс ойына қатысты пікір білдірді. 

"Біз мұны бірнеше рет жоққа шығарғанбыз. Димаш ешқандай ұтыс өткізіп жатқан жоқ, өткізбейді де. Қазақстандықтардан мұндай жазбаларға сенбеуді сұраймыз", - деді Айтбаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная