11 қаңтар 2019 17:39

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің ашуға булыққан сәті видеоға түсірілген

видеодан үзінді

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әскери дайындық пәні мұғалімінің колледж студенттерін балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әскери дайындық пәні мұғалімінің колледж студенттерін балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. БҒМ мәліметінше, бұл жағдай Алматы облысындағы "Прогресс" политехникалық колледжінде болған. 

Реклама
Реклама

"Прогресс" политехникалық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2002 жылғы студентті балағаттап, психологиялық қысым көрсетті", - деді ведомство өкілдері. 

БҒМ мәліметінше, білім беру мекемесінің басшысын "ұстаздар құрамымен жұмысты бәсеңдетіп, тәрбие жұмыстарының әлсіздігіне байланысты" жазаланған. АӘД пәнінің мұғалімі Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылған. 

Осыған дейін Алматы облысында тағы бір колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында. 

Таяу күндері Алматы облысында ҚР БҒМ Бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұловтың және Алматы облысындағы колледждердің директорларының қатысуымен колледждердегі тәрбие жұмысын нығайту жөнінде жиналыстар өткізіледі

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram