Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді

Әліби Жұмағұлов Қайрат Жамалиевтің сотында жәбірленуші. © Tengrinews.kz

?ліби Ж?ма??ловты? танысы оны? ?стінен полиция?а ша?ым т?сірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қалалық ІІД-ге А есімді азаматша танысы Әліби Жұмағұловтың үстінен көлігінде қалып қойған ноутбугін қайтармай жүргеніне шағымданған. Алғашқы тергеу шараларының барысында ноктбук иесіне қайтарылды, ал қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылды", - деп хабарлады Астана ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу оқиғасына байланысты атышулы іс 2015 жылдың сәуірінде шыққан болатын. Сол уақытта жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіде баласын елордалық белгілі бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрып-соқты деп, суреттер жариялаған еді. Кейін Қайрат Жамалиев қамауға алынып, сотталған. Сот Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген болатын. Бұл оқиға жайлы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама