"Алматы-2" станциясында вагон өртенді

"Алматы-2" станциясында вагон ?ртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ТЖД ресми ?кілі Санду?аш Байм?хамбетова?а сілтеме жасап.

"Алматы-2" станциясында вагон өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

"19 қаңтарда сағат 08.40-та Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Алматы-2 теміржол вокзалында қосымша жолда құрам реттеуінде тұрған жолаушылар пойызынан өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына 08.51-де жетті. Бөлек тұрған вагоннан түтін шығып жатқан. Өртсөндірушілер вагон ішінде адамдардың бар-жоғын тексерді. Осы уақытта өрттің шығу көзін анықтау және сөндіру шарасы қатар жүргізілді", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Өрт 9.10-да сөндірілді. 20 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ТЖД өкілдерінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі ретінде вагон ішіндегі пештің қараусыз қалуы аталап отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама