Алматы-2 вокзалы маңында 9 жеке үй өртеніп кетті

© "Территория происшествий"

Алматыдағы Жетісу ауданында бірден тоғыз үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы  "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Ауданы мың шаршы метр болатын барақ тәрізді салынған үйлер Тобаяқов пен Котовский көшелерінің қиылысында, Алматы-2 теміржол вокзалына жақын маңда өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. 16 отбасының үйсіз қалғаны анықталды.

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Ол 1952 жылғы Захаров есімді азамат болып шықты.

Реклама
Реклама

Өрт 14 негізгі және 3 арнайы техника көмегімен өшірілді, сонымен қатар жеке құрамнан 100 адам жұмылдырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама