Алматы әкімдігі селден зардап шеккендерге көмектесуге уәде берді

© Владимир Прокопенко

Алматы қаласының билігі селден зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Ол келген шығын қауіп жойылғаннан кейін есептелетінін айтты. "Зардап шеккендер әлеуметтік көмек үшін хабарласа берулеріне болады. Адамдарды қиын жағдайда қалдырмаймыз, зардап шеккенде 100 АЕК көлемінде көмек алу үшін әлеуметтік қорғау органдарына хабарласса болады", - деді Ильин.

Сонымен қатар, ол тонау әрекеттері болмас үшін үйлерді полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері қорғайтындарын айтты.

Реклама
Реклама

Ильин зардап шеккендер туралы да айтып өтті. Оның мәліметінше, селден зардап шеккен тұрғындар көмек сұрап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сел тасқыны кезінде жарақат алғандар жоқ.

Еске сала кетейік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр.

 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама