Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдар эвакуацияланды

© Tengrinews.kz

Алматы ?уежайында жолаушыларды тексеру барысында т?гілген сынап?а байланысты адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?уежайды? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру барысында төгілген сынапқа байланысты адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-Тбилиси рейсінде аджика құтысына сынап салып, өткізіп жатқан жолаушы анықталды. Сынаптың көлемі шамамен 100-150 миллиметр. Оны терминал аумағында тексеру барысында анықтады. Тексеру жұмыстары жүріп жатқанда жолаушы ол сынапты қоқысқа төгіп тастаған. Ол Қазақстанның 38 жастағы азаматы болып шықты. Ережеге сәйкес, адамдар эвакуацияланды", - деп хабарлады әуежайдың өкілдері.

Қазіргі уақытта ЖІІБ-дегілер жолаушыдан жауап алып жатыр. "Рейстер тоқтатылып жатыр. Оқиға орнына ІІМ ТЖК қызметкерлері барды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, әуежай қызметкерлері барлық жолаушыдан жолдың арғы бетіне өтуін сұраған.


© Tengrinews.kz

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама