Алматы "барахолкасында" әйел адамды көлік қағып өлтірді

Камила Долаева Журналист
Алматы "барахолкасында" әйел адамды көлік қағып өлтірді © СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда "барахолкада" әйелді көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі. 

Оқиға 4 қыркүйекте Солтүстік айналама жолда болды. Куәгерлердің айтуынша, Audi көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте әйел рұқсат етілмеген жерде жолдан өткісі келген. Нәтижесінде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, алған жарақаттардан әйел оқиға орнында мерт болған. Қазіргі кезде оның кім екені анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы орнында криминалистер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Жарнама
Жарнама


© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама