Алматы-Бішкек тасжолында өртенген жүк көлігі күлге айналды

Алматы-Бішкек тасжолында өртенген жүк көлігі күлге айналды Видеодан алынған кадр

Алматы-Бішкек тасжолында ж?к к?лігі ?ртеніп, к?лге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы-Бішкек тасжолында жүк көлігі өртеніп, күлге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жүк көлігінің өртеніп жатқан кезі түсірілген видео Instagram желісіндегі Kris_p_almaty паблигінде пайда болды.

Оқиғаны ТЖ жөніндегі комитеттің мамандары растады. Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, 30 желтоқсан күні сағат 06.53-те "Алматы-Бішкек" автожолының 146-шақырымында Volvo маркалы жүк көлігінде және күнделікті қолданысқа қажетті тауарлар (заттар) тиелген тіркемесінде от тұтанған.

Реклама
Реклама

Өрт сағат 08.35-те ауыздықталды.

Иманқұловтың айтуынша, оқиға болған жерге ең жақын Ақтерек ауылымен арада 50 шақырым қашықтық болды, өрт сөндіру бөлімшесі мен өрт болған жердің ара қашықтығы - 150 шақырым. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы және Жамбыл облыстарының өртсөндірушілері қатысты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама