Алматы маңында ер адамды пойыз басып кетті

Алматы ма?ында ер адамды пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі к?лік ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы маңында ер адамды пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметі бойынша, оқиға 18 шілдеде күндіз болған. Сағат 13:30 шамасында Алматы бекетінің желілік ішкі істер басқармасына Байсерке бекетінде Семей-Қызылорда пойызының машинисі жедел тоқтағаны туралы хабарлама түскен. 

"Машинист тоқтап үлгермей, адамды қағып кетті. Қазіргі кезде марқұмның кім болғаны анықталып жатыр. Оқиға ҚР ҚК-нің 344-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Азаматтарымыз теміржол аумағында жол жүру ережелерін сақтамайды. Сондықтан осындай қайғылы оқиғалар болып жатады. Биыл елімізде 57 адамды пойыз қаққан, оның жартысынан астамы қаза болған. Балалардың жарақат алуы алаңдатып отыр. Жыл басынан бері бес оқиға тіркелді, екі жағдайда балалар қаза болды", - дейді көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова. 

Реклама
Реклама

Алдын алу шараларына қарамастан, мұндай оқиғалар тоқтамай отырғанын атап өтті ол. Мәселен, теміржолды тыйым салынған жерден кесіп өткені үшін жыл басынан бері 15838 адамға айыппұл салынған. 751 рет пойыздың шұғыл тоқтауы тіркелген. Оның 358 жағдайында теміржолда адам, 304 жағдайында мал тұрған. Сонымен бірге, теміржолға бөгде зат қойып кету бойынша сегіз оқиға тіркелген. 

"Көліктік полиция теміржолдар ерекше күзеттегі аумақ екенін еске салады. Азаматтар өте абай болуы керек", - деп атап өтті Қасымжанова. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама