Алматы маңында жол талғамайтын көлік аударылды

Алматы маңында жол талғамайтын көлік аударылды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматы маңында жол талғамайтын көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға Түрксіб ауданындағы Кассин және Котельников көшелерінің қиылысында болған. Chevrolet көлігінде келе жатқан қыздың айтуынша, ол Котельников (негізгі) көшесімен жүріп бара жатқан. Жолдардың қиылысқан жерінде Кассин көшесінен Hyundai жол талғамайтын көлігі "Жол бер" деген белгіні елемей сол жылдамдығымен келіп соққан. 

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai автомобилі аударылып қалған. Жол апатынан екі адам зардап шекті: жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен жолаушы қыз. Олар ауруханаға жеткізілген.

Жарнама
Жарнама


"Территория происшествий" бағдарламасы

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама