Алматы машина жасау зауытындағы өрт сөндірілді

Алматы машина жасау зауытындағы өрт сөндірілді ©СТВ

Алматы ауыр машина жасау зауытындағы өрт залалсыздандырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18.36-да зауыттың екінші қабатында тұтанған. Жалын өндірістік цех ғимаратындағы демалыс бөлмесі мен мұрағатты шарпыды. Өрт сағат 18.59-да ауыздықталып, 19.48-де толық залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 50 маманы мен 12 техникасы қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша ғимараттың 165 шаршы метр жері өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама