Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы мен О?т?стік ?аза?стан облыстарында ?ар к?шкіні болуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? Т?тенше жа?дайлар департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты құтқарушылар 24 желтоқсанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК өкілдерінің 2016 жылдың 24 желтоқсанына арналған ауа райы болжамының негізінде ескертеді! Қардың көп мөлшерде жаууына байланысты 24 желтоқсанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін. Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Тау аумақтарында сақ болыңыздар", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын. "23-24 желтоқсанда Қызылорда, 24-25 желтоқсан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 20-25 градусқа дейін жетеді. Аталған облыстардың кей бөліктерінде көктайғақ болады деп күтілуде", - деген еді мамандар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама