ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 тамыз 2017 12:20
Алматы облыстық ІІД полицейдің көлікті қуған сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік берді
Алматы облысты? Ішкі істер департаментіні? ?кілдері полицейді? к?лікті? со?ынан ?у?ан с?ті т?сірілген видео?а ?атысты т?сінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері полицейдің көліктің соңынан қуған сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыдан бірнеше күн бұрын autolife_kz паблигі полицейдің көліктің соңынан қуғаны түсірілген видеоны жариялады.
"Интернетте жарияланған видеоны зерттедік. Видеоның Қаскелеңде Абылай хан көшесінде түсірілгенін анықтадық. Бірақ оның қашан және рөлде кімнің отырғаны әзірше белгісіз", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, полициядағылар BMW көлігінің Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлады.
"Осыған байланысты Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметіндегілерге де бағыттама таратылды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу