Алматы облысында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонды: Екі адам зардап шекті

© Tengrinews.kz

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев хабарлады.

"Бізге хабарлама 12:46-да, 26 маусымда түсті. Балқаш ауданында Ан-2 ұшағы апат жағдайында қонды, ұшақ "Тамшы бұлақ" ЖШС меншігінде, екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы жайлы ештеңе айта алмаймын, бұл іспен көлік прокуратурасы айналысып жатыр", - деді ол.

Ал зардап шеккен пилот пен техниктің жағдайын Бақанас аудандық ауруханасының өкілдері айтып берді. Екеуі де екінші және үшінші дәрежелі күйікпен хирургия бөлімінде жатыр екен. "Біреуінде (техник Әлиев - Авт.) зақым келген дене аумағы 20-29 пайыз, екіншісі (пилот Вахидов - Авт.) 70-79 пайыз денесін күйік шалған. Екеуі де есін жиды, әзірше ота қажет емес. Біреуінің жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орта деңгейлі", - деп хабарлады ауруханадағылар. 

Реклама
Реклама

Аурухана өкілдерінің айтуынша, біреуі Шымкент тұрғыны, ал екіншісі Алматы облысында тұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама