Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы кепілақымен босатылды

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы кепілақымен босатылды Куәгер жолдаған сурет

Алматы облысы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан табылған жаңа туған нәрестенің анасы кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеу уақытына ол кепілақымен босатылады. Мұндай шешімді тергеуші мен прокурор қабылдады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте 5 шілдеде табылған еді. 

Реклама
Реклама

Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7-де табылған. "Үйдің қожайыны әйелді көрмепті. Ол таңғы сағат 7-де нәрестенің жылағанын естіп, сыртқа шыққан. Содан жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейіннен оқиға орнына полицейлер келіп, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді", - деді куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы емдеу ісі директорының орынбасары Арман Тойбековтың айтуынша, нәрестенің жағдайы қалыпты. "Қызға аздап суық тиген, бірақ дене температурасы қалыпты. Ауруханада тағы 10 күндей ем алады", - деді дәрігер. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама