Алматы облысында балалары мен өзін қоса өртеген ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысты? Ішкі істер департаментіні? ?кілдері ?кесі ?ртеп жіберген ?ыз бен бала?а ?атысты жа?а деректі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері әкесі өртеп жіберген қыз бен балаға қатысты жаңа деректі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйтсек, 18 жастағы қыз тірі қалыпты. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.

"Мұның алдында өрттің салдарынан үш адам қаза тапқаны хабарланған еді. Шын мәнінде оқиға орнында екі адам қаза тапты - ер адам мен оның баласы. 1999 жылғы қыз аудандық ауруханаға жеткізілген, оны дәрігерлер бақылап отыр. Жағдайы ауыр", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

 Еске салайық, оқиға Өтеген батыр ауылында болған (бұрынғы ГРЭС). 

"Өрт 20 желтоқсанға қараған түні Титов көшесіндегі жатақханада болды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам мен әйелі ажырасқан. Олардың 2005 жылғы ұлы мен 1999 жылғы қызы болған. Ер адамның өзі Байсеркеде тұрған. Ер адам әйелі мен балаларына келіп, белгісіз себептермен өзіне бензин құйып, өрт қойған. Бөлме шағын болғандықтан, іші тез өртене бастаған. Көршілері дереу өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем шақырған", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер зардап шеккендерді пәтерден алып шықты. Оқиға орнында 1973 жылғы ер адам мен оның баласы өлі табылған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама