Алматы облысында бір үйдің үш баласы суарма арыққа батып кетті

Алматы облысында бір үйдің үш баласы суарма арыққа батып кетті © Алматы облыстық ТЖД

Алматы облысы Райымбек ауданында?ы суарма ары?та екі кішкентай ?ыз бен бір ?л су?а батып кетті. ??ірлік Т?тенше жа?дайлар департаментіні? м?ліметінше, ?ай?ылы о?и?а 8 мамырда Талас ауылыны? ма?ында?ы А?с?йек жайылым учаскесінде бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Райымбек ауданындағы суарма арықта екі кішкентай қыз бен бір ұл суға батып кетті. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 мамырда Талас ауылының маңындағы Ақсүйек жайылым учаскесінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2012, 2014 жылғы қыздардың және 2015 жылғы ұл баланың қайтыс болғаны хабарланып отыр. Олар ойнап жатып абайсызда суарма арыққа құлап кеткен. "Балалар ойнап жатқан сәтте олардың әкесі жерлерін көріп қайтуға кеткен, ал анасы түскі ас дайындап жатқан. Үш бала үйден 300 метр қашықтықта ойнап жүріп, абайсызда арыққа құлап кетіп, батып кеткен", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Сол күні Ескелді ауданындағы Теректі ауылының маңында 13 жастағы екі қыз жұмбақ жағдайда Теректі өзеніне батып кеткен.

Реклама
Реклама

"Таңғы уақытта А. есімді азаматша өзінің 2004 және 2006 жылғы қыздары мен көршісінің 2004 жылғы қызымен бірге саңырауқұлақ жинауға барған. Бірақ қайтар кезде ол кішкентай қызымен бірге екі қызды күтпей үйге кетіп қалған. Кешкі уақытта қыздардың жоқтығын байқаған ата-аналар дабыл қаға бастаған. Түн ішінде жүргізілген іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген. Ал 9 мамырда таңғы уақытта екі қыздың денесі Теректі өзенінен табылды", - деді ТЖД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Ескелді аудандық Ішкі істер бөлімінің 120-дан аса қызметкері, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Осыған байланысты құтқарушылар табиғатқа шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама