Алматы облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды

© Алматы облыстық ТЖД

Алматы облысында із-т?ссіз жо?алып кеткен жеті жасар бала ?ш к?ннен кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? Т?тенше жа?дайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен жеті жасар бала үш күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Cейітжан Әбілқайыр есімді бала 2 сәуірде Алакөл ауданы Әшім ауылында жоғалып кеткен болатын. Ол малды іздеуге кеткен күйі қайтып келмеген. Сағат 21.33-те Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөліміне оның жоғалып кеткені жайлы хабарлама келген. ТЖД бөлімінің мәліметінше, баланы іздестіруге құтқарушылар, өрт сөндіру қызметіндегілер, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылған.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық ТЖД жолдаған суреттер.

"Іздестіру шаралары барысында 5 сәуірде сағат 10.15-те Алакөл ауданы Жыланды ауылы маңындағы "Мирас" шаруа қожалығының аумағында жеті жасар бала аман-есен табылды. Оның жағдайы тұрақты", - деді Алматы облыстық ТЖД бөліміндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама