ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 тамыз 2018 16:48
Алматы облысында болған жол апатынан 8 адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.
Жол апаты 20 тамызда таңғы уақытта Алматы-Екатеринбург тасжолының 385-шақырымында болған. BMW мен Opel Vectra көліктері соғысқан. Нәтижесінде бірі толықтай өртеніп кеткен.
"Жол апатынан келіншек аман қалды, ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу