Алматы облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 14 тамыздан 15 тамызға қараған түні "Алматы - Өскемен" тас жолының 60 шақырымында болған. Toyota Corolla көлігі КаМАЗбен соғысқан.

"Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің ішіндегі екі әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттарымен Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің 48 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың жиегінде тұрған жүк көлігімен соғысқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама