Алматы облысында бұқа базардың тас-талқанын шығарды

Камила Долаева Журналист
© Instagram.com/almaty_dtp_rezerv

Алматы облысында ызалы бұқа базардың тас-талқанын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында ызалы бұқа базардың тас-талқанын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда оқиға автомобиль нарығында болғаны көрінеді, себебі барлық жерде көлік бөлшектері, жанар-жағармай материалдары бар контейнерлер шашылып жатыр.

Сондай-ақ, видеодан жануардың контейнерді сүзіп, жолындағының барлығын қиратып жатқанын көруге болады. Ал адамдар айқаймен әр жаққа қашып жүр.

Реклама
Реклама

"Бәрін қиратты. Бәріне тиді", - дейді видео авторы. 

Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген.

"Гүлдала ауылындағы автокөлік базарының аумағына ызалы бұқа жүгіріп келді. Тұрғындар бірнеше контейнерлерді қиратқан жануардың көзін жойды. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ", - делінген сурет сипаттамасында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама