Алматы облысында мал сатуға кеткен үш азамат өлі табылды

© Qamshy.kz

Алматы облысында таяуда мал сату?а кеткен ?ш адамны? м?йіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Алматы облысында таяуда мал сатуға кеткен үш адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал БАҚ-тарда полицейлердің қаралы хабарды туыстарына естірткені түсірілген видео жария болды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан 40 бас мал сатып алып, оны екі жүк көлігімен 17 қыркүйек, сенбі күні, Алматы маңындағы Ұзынағаш базарына шығарған. Содан бері туыстары ол азаматтардың еш хабарын біле алмай, іздеу салған болатын. Кеше жоғалған азаматтар мал тиеп кеткен екі көліктің және жоғалған жігіттер базарға алып шыққан 40 бас ірі қараның 35 басы табылғаны туралы жазылған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама