Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

МAULE М-7-260С ұшағы

?Р ИДМ Азаматты? авиация комитетіні? ?кілдері Алматы облысында ??ла?ан ?ша??а ?атысты о?и?аны? м?н-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитетке сілтеме жасап.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитетке сілтеме жасап.

Кіші авиацияның жеке ұшағы "Олжа Бастау" ЖШС-на тиесілі екені белгілі болды.

"Ұшақ бортында екі адам болды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері барды. Ұшқыш қаза болды. Ал зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер.

Реклама
Реклама

Комитеттегілердің айтуынша, оқиға Алматы облысы Жиделі елді мекенінің солтүстік-шығысынан 20 шақырым жерде болған. АҚШ-тың МAULE М-7-260С ұшағы құлаған.

"Олжа Бастау" ЖШС-та ҚР Индустриялар және даму министрілігі Азаматтық авиация комитетінің куәлігі жоқ. "Олжа Бастау" барлығына ортақ авиацияға тиесілі, Азаматтық авиация комитетінде тіркеуде тұр. ҚР ИДМ-нің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті осы дерек бойынша тергеу жүргізеді", - делінген хабарламада.

Ұшақтың құлағаны жайлы мәліметті Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев растады. Оның айтуынша, өрт шыққан жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама