Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

© kn.ks.ua

Алматы облысында?ы ??гіртас ауылыны? ма?ында жол апатынан 5 адам ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы Үңгіртас ауылының маңында жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 16 мамырда таңғы уақытта болған. Mercedes, SsangYong көліктері мен Iveco жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан SsangYong көлігіндегі бес адам жан тәсілім етті, тағы төрт адам түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Қаза тапқандар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының тұрғындары екені анықталды. Iveco жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - Қырғызстан азаматтары.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаның Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады. Олар қажетті сараптамалар тағайындалғанын және соталды тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама