Алматы облысында жер сілкінді

Жер сілкінісінің картасы

Алматы облысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 27 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.36-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 8,8, тереңдігі - 25 шақырым. 

Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісінің Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелгені хабарланған болатын. Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 15,2, тереңдігі - 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте - 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. Ауғанстанда бұл зілзаладан 52, ал көршілес Пәкістанда 214 адам көз жұмды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама