Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың қирандылары табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың қирандылары табылды © ҚР ІІМ ТЖК

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың сынық бөліктері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің арнайы өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

"Іздеу жұмыстарымен айналысып жатқан штабтың мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.20-да Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақтың бөліктері табылды. Бортта болғандардың барлығы қаза тапты. Тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

ҚР ішкі істер министрі Қасымовтың бұйрығымен оқиға болған жерге ішкі істер министрінің орынбасары Божко ұшып келді.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама