Алматы облысында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы облысында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды иллюстрациялық сурет

Алматы облысында Е?бекші?аза? ауданы Байсейіт ауылыны? ма?ында жол апаты бол?ан жерден ?ашып кеткен ж?ргізуші ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Байсейіт ауылының маңында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, оның екеуі қайтыс болды. Жол апаты "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 131-ші шақырымында болған. Тергеу барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. 

Жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізушіні полицейлер ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

Реклама
Реклама

"Куәгерлерден жауап алу кезінде көліктің маркасы "Дэу Нексия" екені анықталды, оның түсі де ерекше болған. Жедел-тергеу шаралары барысында осы шетелдік көлік Алматыға кіреберісте анықталып, ұсталған. Көлік тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1986 жылғы азамат болған. Сот-медициналық куәландыру қорытындысы бойынша оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды", - деді облыстық ІІД өкілдері. 

Оқиға орнында бір әйел адам қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген екі ер адамның бірі кейінірек көз жұмды. Үшінші адам ауруханаға жатқызылды. Полиция жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама