Алматы облысында жол апатынан 3 адам зардап шекті

Алматы облысында екі к?лік жол апатына ?шырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында екі көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты жайлы куәгерлер "ВКонтакте" желісіндегі  "Я - очевидец Алматы" парақшасында жариялады.

"Ават мен Саймасай жақта сағат 12.00 мен 13.00-де жантүршігерлік жол апаты болды. BMW көлігінде отырған қыз бен жігіт ауыр жағдайда. Ал джип жүргізушісі жарақаттар алды. Жолда абай болыңыздар", - деп жазған куәгерлер.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл мәліметті растады. Полициядағылардың мәлімеітнше, жол-көлік оқиғасы  Алматы - Көкпек - Көктал тасжолында болған. BMW мен Toyota Land Cruiser көліктері соғысқан. Нәтижесінде үш адам зардап шеккен. Зардап шеккендер Есік қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама