Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Алматы облысында тасжолда жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысында тасжолда жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жантүршігерлік жол апаты бүгін түскі уақытта болған. Жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген суреттер Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Алматы облыстық ПД мәліметінше, ЖКО салдарынан үш адам қаза болған. "Жол апаты Алматы - Көкпек - Көктал автожолының 40-шы шақырымында Toyota Highlander және Lada 21014 автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам түрлі дене жарақатымен Есік ауруханасына жеткізілді",-делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Реклама
Реклама

Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. 

Осы дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалған және сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама