ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2018 16:02
Алматы орталығында ер адам токқа түсіп қалды
Алматыда ер адам көше ортасында токқа түсіп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.
Оқиға Абай даңғылы мен Манас көшесінің қиылысына жақын маңда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен адам қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Жыл басында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңында итпен серуендеуге шыққан әйел адам токқа түскен болатын.
2017 жылдың қазанында Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында ер адамды ток ұрған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу