Алматы орталығында ер адамды ток ұрды

Алматы орталығында ер адамды ток ұрды © Индира Хаметчина/Facebook

Алматы орталы?ында ер адамды ток ?рды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а Гоголь к?шесіні? бойында болды. 

Алматы орталығында ер адамды ток ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Гоголь көшесінің бойында болды. 

"Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта жұмысшыны ток ұрды. "Қазіргі уақытта жедел жәрдем көлігі оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Болжаммен оған "электртравма" диагнозы қойылған. Жағдайы ауыр", - деді Алматы қалалық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі. 


© Индира Хаметчина/Facebook

Реклама
Реклама

Оқиғаның куәгері Индира Хаметчина Facebook желісіндегі парақшасында былай деп жазды: Құрылыс жұмыстары кезінде менен және балаларымнан бір метр жерде жарылыс болды. Жұмысшы қатты зардап шекті. Біз есеңгіреп қалдық, алайда саумыз. Жақын жерде жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатқаны қандай жақсы болды. Ер адамның жағдайы дұрысталып кетеді дегенге сенемін". 

Алматы қалалық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіндегілер оқиға орнында жарылыстың болмағанын айтады.  


© Индира Хаметчина/Facebook

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама